Жол жөндеумен айналысатын 80 ұйымға айыппұл салынды – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанның жол полициясы Өскемен мен облыс тас жолдарындағы шұңқыр жөндеумен айналысатын 80 ұйымға айыппұл салды, деп хабарлайды Atameken Business.
Құқыққорғаушылар жыл басынан бері 450 жол учаскесін зерттеп, автокөлік жолдары сапасының нашарлығына көз жеткізді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша, жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын компаниялар 2,5 миллион теңге айыппұл төлеуге тиіс.
Полиция қызметкерлері бұл соманың үлкен еместігін мойындап отыр. Бірақ, айыппұлдың салдары жол сапасының жақсаруына әкеледі деген сенім білдіреді.
Айта кету керек, бұл әрекеттердің барлығына түрткі болған жағдай – жүргізушілерден келіп түскен шағым. Ашынған жүргізушілер көп жағдайда жол-көлік оқиғасына темір тұлпар иелері емес, жолдардың сапасыздығы себеп болатынын жеткізген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жапонияда қазақтар қауымдастығы құрылды
Өзгелердің жаңалығы