Жол жиегінде кетіп бара жатқан адамдарды көлік қағып кетті
Қарағандыда тротуарда кетіп бара жатқан екі адамды көлік басып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға 31 наурыз күні шамамен сағат 23:00-де Бұқар жырау даңғылы бойында болды. Audi автокөлігінің жүргізушісі Дүйсенбеков көшесіне қарай бағыт алып келе жатып, жылдамдық режимін асырып, көлікті басқара алмай, жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен.
Жол апаты салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, ал екінші адам, сондай-ақ автокөлік жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттарымен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді, - деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына – 100 жыл
Өзгелердің жаңалығы