Жол жабылғаны туралы хабарламаны елемегендерге айыппұл салынады

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қаңтар айының басында көптеген аймақтар ауа-райының нашарлауына тап болды. Ең қиын күндер 3 және 4 қаңтарда болды, қар қатты жел, боран, көрініс деңгейі нашар болды. Еліміздің 9 өңірінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 79 учаскесінде көлік құралдарының қозғалысына шектеулер енгізілді. Жолдарда ТЖ жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, - деп атап өтті ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Айтуынша, эвакуациялау үшін 769 уақытша жылыту пункті дайындалды. 

Авариялық-құтқару жұмыстарына 4 мыңнан астам адам және 1,5 мың бірлік техника жұмылдырылды. Мұндай жағдайда полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автокөліктің қауіпті жол учаскелеріне шығуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауда. Сонымен қатар жеке жүргізушілер полицияның жол тосқауылдарындағы қозғалыс шектеулерін елемей, қолайсыз ауа-райында қауіпті учаскелерге шығып, өздеріне және жолаушыларына өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Көп жағдайда олардың көлігі қар көшкініне кептеліп қалады және оларды құтқару үшін полиция мен ТЖ қызметкерлері тәуекелге барып, ресурстарды жұмсауға мәжбүр болады, - деп түсіндірді ІІМ өкілі. 

Белгілі болғандай, жолға шықпау туралы хабарламаны елемегендер жауапкершілікке тартылады. 

Көлік құралдарының жүргізушілері жабық жолдарға шықпау жөнінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған жағдайларда оларға 30 АЕК немесе 103 500 теңге айыппұл, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жауапкершілік қаралғанын ескертеміз. Ауа райы жағдайы нашарлаған жағдайда автожолдардағы жағдай халыққа СМС-тарату, интернет-арналар және телерадио хабарлары арқылы алдын ала жеткізіледі. Ішкі істер министрлігі азаматтарға жолдағы жағдайды алдын-ала білуге және ауа-райының қолайсыздығына жол бермеуге кеңес береді. Ауа-райының нашарлауына байланысты жабық учаскелер туралы сенімді ақпаратты 112, 102 телефондары, сондай-ақ «Қазавтожол» ҰК» АҚ байланыс орталығынан 1403 телефоны бойынша білуге болады, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы