Жол үстіндегі жанжал: Шымкентте жаппай төбелес болды

Шымкентте жолдағы даулы жағдайдан кейін жаппай төбелес орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әлеуметтік желіде жол үстінде жаппай төбелескен адамдардың бейнесі тарады. 

Жол қозғалысы кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісіне қатысты «Бұзақылық» (топтық бұзақылық) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаға қатысқан барлық адамдар дереу анықталып, ұсталды. Жолдағы дау ашық төбелеске ұласып, бұл арқылы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі бұзылды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде кері бағытта жүрген жүргізушілер жауапқа тартылған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы