Жол үстінде кино көрген автобус жүргізуші жазаланды
Алматы, BAQ.KZ. Павлодарда жол үстінде кино көрген автобус жүргізушісі жазаланды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Кеше әлеуметтік желідегі Kolesa_pavlodara парақшасында 003 бағыты бойынша жүретін маршруттық такси жүргізушісі көлік құралын жүргізіп келе жатып, ұялы телефонды пайдаланғаны (фильм қарағаны) туралы пост жарияланған.Осы факті бойынша полицейлер 64 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 591-бабы 1-бөлімі - көлік құралын жүргізу кезінде телефон пайдалану бойынша әкімшілік өндіріс қозғады. Жүргізушіге сомасы 13 255 теңге айыппұл салынды, - делінген жазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Эфиопияда шегірткенің кесірінен ұшақ қона алмай қалды
Өзгелердің жаңалығы