Жол үстінде кәуап пісіргендер ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы әл-Фараби даңғылы үстінде от жағып, кәуап пісіріп жатқандарды ұстады. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеше интернет желіде алматылықтардың жол үстінде тоқтап тұрған көлік жанында от жағып, кәуап пісіріп жатқан видеосы тараған. Сол кезде полиция видео авторларын тауып, жауапқа тартатындарын мәлімдеген еді.Бүгін полияция интернетке мониторинг жүргізу арқылы құқық бұзушыларды анықтағанын мәлімдеді. Белгілі болғандай аталған видео әдейі түсірілген болып шықты.
Құқық бұзушылықты камераға түсірген адам жол үстінде от жаққандардың досы болып шықты. Ал видео хайп үшін түсірілген. Бәрін ұйымдастырған 22 жастағы азамат бірден өз кінәсін мойындап, видеоны көңіл көтеру үшін түсіргенін айтты, - дейді Алматы ПД-ті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
22 жасатағы жігіт үш құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауапқа тартылған: бұзақылық, ТЖ режимі ережесін бұзу және көлікті рұқсат етілмеген жерге тоқтату.
Сонымен қатар, аталған жағдай бойынша материалдар сотқа жіберіліп, құқық бұзушы 15 тәулікке қамалған.
Бұған дейін Алматыда жол үстінде от жағып, кәуап пісіргендердің видеосы тарағандығы туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үш күн ішінде полицияға 307 адам жеткізілді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы