Жол саласының мамандары дауыл туралы ескертуге немқұрайлы қарамауға шақырды
Биыл қазаннан бастап көктайғақ және қарлы боран сынды табиғаттың тосын мінезінің салдарынан республикалық жолдарда көлік қозғалысын 150-ден артық рет шектеуге тура келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төтенше жағдайларды алдын алу үшін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті көлік жүргізушілеріне тұрақты негізде дауыл туралы хабарламаларды жіберіп, алыс сапарларға шықпауға кеңес бергенімен бұған немқұрайлы танытқан көптеген адам қар құрсауында қалып жатады.
Мәселен, республикалық маңыздағы автожолдар қысқы күтіп ұстау кезеңіне ауыстырылған сәттен бастап, жол саласының мамандарды күре жолдың бойында 600-ге жуық адамға көмек көрсеткен. Атап айтқанда, ауа райының қолайсыздығына байланысты 232 көлік жылы бокстарға орналастырылса, 563 адам жылыту пункттеріне жеткізілді.
Бұл орайда автомобиль жолдарын күтіп ұстайтын қызметкерлердің техникасы көлікті қар құрсауынан шығаруға немесе эвакуациялауға бейімделмегенін ескерте кеткен жөн. Соған қарамастан сала мамандары тиісті ескертуді елемеген жүргізушілердің батып қалған көліктерін шығаруға мәжбүр. Неге десеңіз, жолды тазалау үшін оның бойында қандай да бір кедергі болмауы тиіс. Әсіресе, бұл жоғарыда аталған азаматтардың көліктеріне де байланысты.
Осы ретте биылдан бастап ауа райының қолайсыздығына қатысты көлік қозғалысын шектеу жөніндегі хабарламаны ескермеген тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын айта кету керек. Тиісті өзгеріс Үкіметтің «Жолдардағы көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына енгізілді.
Таяу арадағы мерекелік демалыс күндерінде көптеген адам қаладан тыс жерде демалуды жоспарлайтыны мәлім. Осыған байланысты Автомобиль жолдары комитеті көлік иелерін дауыл туралы хабарламаны алған бойда сақтық шараларын ұстанып, ұзақ сапарға шығуға бас тартуды сұрайды. Сондай-ақ қандай бір жағдайлар туындағанда 1403 бірыңғай call-орталығына хабарласуға болатынын еске сала кетейік.