Жол қауіпсіздігі бойынша акцияға 200-ге жуық бала қатысты

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған акция өтті. Іс-шара ересектердің назарын балалардың жолдағы қауіпсіздігі мен көлік жүргізу мәдениетіне аударуға бағытталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Акция барысында 200-ге жуық бала 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта ашық алаңқайда қозғалыссыз қатып қалды. Бұл флешмоб ересектерді жолдағы бала өлімінің алдын алуға шақырады. 2023 жылы жол апаттарында 300-ден астам бала көз жұмып, төрт мыңнан астамы жарақат алған.

Балалар – жол қозғалысына қатысушылар арасындағы ең әлсіз буын. Ересектердің міндеті – олардың қоғамда қалыптасуына көмектесу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету. Ата-ана күн сайын балаға жол ережелерін түсіндіріп, өз әрекеттерімен үлгі көрсетуі тиіс, – деді ұйымдастырушылар.

Акция ІІМ әкімшілік полиция комитеті және Sergek Group компаниясымен бірлесіп өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы