Коронавирус. 22 жолаушы анықтамасыз келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 сәуірде ел аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 39 халықаралық әуе рейсі келді.
Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 3 030 жолаушы, анықтамамен - 3 013, анықтамасыз - 17;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1115 жолаушы, анықтамамен - 1112, анықтамасыз - 3;
Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 517 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы анықтамамен келген;
Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 136, анықтамасыз - 2.
Анықтамасыз келген жолаушылар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
3 сәуірде шетелден анықтамасыз келгенжолаушылардың ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
Анықтамасыз келген 9 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.