Жол-көлік оқиғасының төрттен бірінде жаяу жүргіншілер зардап шегеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Айтуынша, әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы жылдамдық режимін сақтамау салдарынан орын алады.

2 529 жол-көлік оқиғасы (жылдамдықты арттыру салдарынан - ред.) орын алған. Онда 670 адам қаза болып, 3 535 адам жарақат алған. Ал елдімекенде жылдамдықты арттыру – 1 418 ЖКО немесе 14%, 243 қаза тапқан және 1 751 жараланған. Қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдықты арттыру салдарынан - 1 111 ЖКО немесе 11%, 427 қаза тапқан және 1 784 жараланған адамдар дерегі бар. Жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар мен жараланғандардың төрттен бір бөлігін жаяу жүргіншілер құрайды, - деп атап өтті ІІМ өкілі. 

Сондай-ақ ол жолдағы қауіпсіздік жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де байланысты деп отыр. 

Екі жақта да тәуекелдер бар. Себебі жол-көлік оқиғасына көбіне көшені рұқсат етілмеген жерден кесіп өтетін немесе бағдаршамның қызыл жарығына өтетін жаяу жүргіншілер кінәлі болып жатады. Кейбіреулер жолды кесіп өтерде айналаға қарау керек екенін ұмытып кетеді, себебі бұрылыстан кенеттен көлік пайда болуы мүмкін. Сол сияқты, тәуліктің қараңғы уақыттында жүргізушілер жаяу жүргіншілерді байқамай қалатын жайттар болады. Себебі жаяу жүргіншілер киімдерінде жарық қайтаратын элементтерді сирек пайдаланады, сондықтан өте сақ болу керек және жүргізушінің сізді өткізіп жіберетініне көз жеткізу керек, - деді Жандос Мұратәлиев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы