Жол бойында жаңа дәретханалар салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "QazAvtoJol" ҰК" АҚ ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетімен бірігіп, 2022 жылға дейін демалыс орындарында санитарлы-гигиеналық тораптардың 304 бірлігін орнату жөніндегі бағдарламаны әзірлеп, бекітті.

Бағдарламаға сәйкес аталған мерзімде қайта жаңарту жұмыстарынан өтіп жатқан жол учаскелерінің бойында 110, пайдалануға берілген жол учаскелерінің бойында 121, ақылы жолдардың бойында 73 санитарлы-гигиеналық торап жұмыс істейтін болады.

Бүгінгі таңда қайта жаңарту жұмыстарынан өтіп жатқан автомобиль жолдары учаскелерінің бойында 14 санитарлы-гигиеналық торап орнатылып жатыр. "Щучинск – Зеренді" тасжолының бойында 1 санитарлы-гигиеналық торап жұмыс істесе, "Нұр-Сұлтан – Павлодар", "Жетібай – Жаңаөзен" жолдарында, "Қарағанды қаласының айналма жолында" санитарлы-гигиеналық тораптардың 11 бірлігі орнатылуда. 2 санитарлы-гигиеналық торап бойынша жеткізу жөніндегі келісімшарт жасалды. Әжетханалар "Шымкент – Тараз" тасжолының бойында орнатылмақ.

2019 жылдың қазанында 40 санитарлы-гигиеналық торапты орнату және оларға қызмет көрсету бойынша инвестициялық конкурс жарияланған болатын. Ұлттық компания демалыс орындарын дайындау, электр желісін тарту және ұңғымаларды қазу жұмыстарын жүргізуде. Конкурс аясында электр желісі тартылмаған жерлерге балама электр энергиясы көзін орнату көзделген. Конкурсқа қатысуға "EUROmodul KZ", "Qazaqtech", "Ice Group KZ" ЖШС сияқты 3 компаниядан өтініш келіп түсті. Алғашқы кезеңнің нәтижесі бойынша "Qazaqtech" ЖШС инвестор атанды. Бұл компания әжетханаларға "жасыл" технология қағидаты бойынша ваккумды ағызу жүйесі, күн энергиясы жүйесін орнатумен айналысады - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Санитарлы-гигиеналық тораптар инвестор қаржысының есебінен орнатылады деп болжанып отыр. Сонымен қатар, инвестордың санитарлы-гигиеналық тораптарды 5 жыл бойы үздіксіз күтіп ұстауы қарастырылған.

Қазіргі таңда конкурстың екінші кезеңінің қорытындылары шығарылып, тиісті келісімшарттарға қол қойылады

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы