Жол апатынан қаза болатын балалар саны әлі деп көп – Мұратәлиев

Бұл туралы  ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев ІІМ-нің  дәстүрлі брифингте айтты,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жарияланды. Биыл олардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны  5%-ға  және олардан зардап шеккендер 2%-ға  азайғанын айта кету керек. Дегенмен, балалардың жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім деңгейі әлі де жоғары (7%) болып қалып отыр.Балалар - жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі. Көбінесе жол жүрісі қағидаларын білмеу немесе оларға немқұрайлы қарау салдарынан жол-көлік оқиғаларының себепшісі – жол бөлігінде ойнаған, белгіленбеген жерлерден көшені кесіп өткен балалар, -деді ол. 

Мұратәлиев атағандай, кәмелетке толмағандардың кінәсінен 88 ЖКО тіркелді, онда 8 бала қайтыс болып 99 бала жарақат алды.

Осылайша, балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу, сонымен қатар балалардың көшеде және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысқа байланысты дағдыларын нығайту мақсатында, 22 тамыздан бастап оқушылардың оқу жылының басталуы қарсаңында Ішкі істер министрлігі «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы