13 Мамыр 2019, 10:39
Алматы облысында болған жол апатынан 9 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше "Алматы-Бішкек" тас жолының 109 шақырымында жол апаты болды. Апат кезінде Lada және Toyota Camry автокөліктері соғысып, 9 адам қаза тапты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше "Алматы-Бішкек" тас жолының 109 шақырымында жол апаты болды. Апат кезінде Lada және Toyota Camry автокөліктері соғысып, 9 адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Қаза тапқан 9 адамның үшеуі әйел адам екені белгілі болды.
"Қаза тапқандардың кім екендіктері анықталды. Марқұм болған адамдар Алматы, Шымкент қалаларының, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, Lada-ның жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, шетелдік көлікпен бетпе-бет қақтығысқан. Қазіргі таңда ЖКО дерегіне қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.
Полиция департаментінде ЖКО-ға қатысты тергеу жұмыстарының қатаң бақылауға алынғанын атап өтті.
- Толассыз жауған жаңбыр Шымкентте әбігер туғызды: көшелерді су басып, жарық сөнді 03:30
- Балалар алаңында баланы ұрып-соққан: Қостанай облысында ер адам жазаланды 01:25
- Қазақстанның ақылы жолдарына 56 лазерлік құрылғы орнатылды 00:27
- Ертең бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ пен тұман болады 10.11.2026
- Алматыда жолаушыларға толы екі автобус соқтығысты 10.11.2026
- Алматыда туристер мен тұрғындарға арналған 31 цифрлық гид орнатылды 10.11.2026
- Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты 10.11.2026