Алматы облысында болған жол апатынан 9 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше "Алматы-Бішкек" тас жолының 109 шақырымында жол апаты болды. Апат кезінде Lada және Toyota Camry автокөліктері соғысып, 9 адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Қаза тапқан 9 адамның үшеуі әйел адам екені белгілі болды.
"Қаза тапқандардың кім екендіктері анықталды. Марқұм болған адамдар Алматы, Шымкент қалаларының, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, Lada-ның жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, шетелдік көлікпен бетпе-бет қақтығысқан. Қазіргі таңда ЖКО дерегіне қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.
Полиция департаментінде ЖКО-ға қатысты тергеу жұмыстарының қатаң бақылауға алынғанын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тель-Авивте "Евровидение-2019" басталды
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы