13 Наурыз 2025 2025, 11:41
Фото: Erbol
Жол апатынан 13 адам қаза болды
Боливияда Томайкури қаласы маңындағы автожолда автобус жартасты соғып, соның салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Eadaily.com сайтына сілтеме жасап.
Боливияда Томайкури қаласы маңындағы автожолда автобус жартасты соғып, соның салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Eadaily.com сайтына сілтеме жасап.
Шамамен 20-дай жарақат алған адам Льяллагуа қаласына ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта 13 адамның қаза тапқаны туралы мәлімет бар, – деп хабарлады полиция өкілі.
Белгілі болғандай, автобус Сукре қаласынан Оруро қаласына қарай бет алған.
Алайда жауын-шашын салдарынан болған көшкіннен кейін жолдан шығып кетіп, тасқа соғылған.