Жол апаты. Жыл басынан бері 1100-ден астам адам қаза тапқан

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік комитетінің өкілі Тимур Баспақов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұйымдастырған баспасөз брифингінде Тимур Баспақов жолда болған жол апаты туралы айтты.

Республика жолдарында 7 ай ішінде 7602 жол-көлік оқиғасы болды. Оның салдарынан 1194 адам қаза тапты. Жарақат алғандардыың саны 10 мыңнан асады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жол апаты 9 пайызға көбейген. Қаза тапқандар 17 пайызға, жарақат алғандар саны 9 пайызға артқан. Жол-көлік оқиғасы Маңғыстау, СҚО, Ұлытау мен Жамбыл облыстары, Атырау облысы, БҚО, Қостанай, Ақмола, Түркістан, Абай, Қызылорда облыстары мен елорда, Алматы қалаларында артқан, - деді ол. 

Баспақовтың айтуынша, өсім демалыс кезінде көбейген. 

Қазір Қазақстан азаматтары курорттық аймақтарға бару кезінде көліктердің саны артады. Республикалық жолдарда 1415 жол апаты болып, 970 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам адам жарақат алды. Жол апатының басты себептерінің бірі – жылдамдықты арттыру. Жергілікті жерлерді алатын болсақ, ол жаяу жүргіншілерді қағу болып отыр. Жалпы ІІМ мен жергілікті атқарушы орган, жол қозғалысы қызметкерлерімен бірлесіп биыл 20 215 талдау жүргізді. Оның аясында 327 мың шақырым қамтылды, - деді Баспақов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы