Жол апаты жиі болатын трассаларға жануарлардың макеті қойылды

Жолшылар республикалық маңыздағы күре жолдардың бойына жануарлардың макетін орналастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиі тіркелген республикалық автотрассалардың учаскелерінде жануарлардың макеттері орнатылды.

Биыл бұл жұмыс Павлодар және Қостанай өңірлерінде орналасқан республикалық тас жолдарда алғаш рет қолға алынып, қауіпті учаскелерде 40-қа жуық жаңа макеттер орналастырылды.Ескерту макеттері түнгі уақытта және ауа-райы қолайсыз болғанда анық көрінуі үшін оларға жарық шағылыстыратын арнайы элементтер жабыстырылады. Бұл жолға назар аудару қажеттігін еске салудың, қауіпті учаскелердегі жылдамдықты төмендетудің тиімді тәсілі, - деп атап өтті "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясының ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Жануарлардың макеттері осыған дейін Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының республикалық жолдарының бойына орнатылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы