Нұр-Сұлтандағы жол апаты. Зардап шеккендерге қандай көмек беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана ЛРТ» басшысы Бекмырза Игенбердинов жол-көлік апапатынан қаза тапқандардың отбасына және зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетінін айтты. 

«Бүгін 2019 жылдың 26 наурызында таңертең сағат 9.14 кеткенде Қабанбай батыр-Ұлы дала көшелерінің қиылысында қоғамдық көліктің қатысуымен екі адамның өмірін алып кеткен апатты жол оқиғасы болды. Бұл жол оқиғасындағы негізгі көлік түрлері №1 автобус паркінің жүргізушісі Абай Оспанов және жолаушы Айзат Нүрекенова оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға болысымен ол жерге қала әкімі бастаған жауапты барлық қызметкерлер барды. Бүгінде сол оқиғаны тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында болған жағдайды хабарлаймыз», - деді «Астана ЛРТ» басшысы. 

Оның айтуынша, 301 бағыттағы көлік жүргізушісі Абай Оспанов 6.30-да жолға шығар алдында тексеруден өткен. Денсаулығына қатысты мәселе, шағым туындамаған. Техникалық құралдың өзі тұрақты техникалық тексеруден өтіп тұрған. Әзірге техникалық ақау анықталмады. Осы іске қатысты арнайы комиссия құрылды. 

«Сақтандыру бар. Әрбір автопарк жолаушыны да, жүкті де сақтандырады. Медициналық сараптама өткізілген соң сақтандыру комапняисына жүгінетін боламыз. Залал көлемі анықталады. Бірінші автопарк тарапынан марқұмның туыстарына міндетті түрде көмек көрсетеміз. Қыздың денесін тжеткізуге де қажеттіні жасаймыз», - деді ол. 

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқарма басшысының орынбасары Әлихан Қуатбековтың айтуынша, автобус жүргізушісінің артында төрт баласы қалған.

«Ең үлкені – 17 жаста, 4 баласы бар екен. Сол жол оқиғасы болысымен №1 автобус паркінің басшысы «Астана ЛРТ» басшыларымен бірге көңіл айтып, хабарлады. Сол жерде төрт баласы бары анықталды», - дейді ол.

«Астана ЛРТ» басшысы қаза тапқан жолаушы Айзат Нүрекенованың Қарағанды облысында тұрғанын айта кетті.

«Оның денесін туған жеріне жеткізуге көмек көрсетеміз. Ол – жалғызбасты ана. Артында кәмелетке толмаған бала қалды», - деді Игенбердинов брифингте. 

Жолаушыларға өтемақы төлеу мәселесі сараптама қорытындысынан соң белгілі болады. Апаттан зардап шеккендерге тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша жәрдем көрсетілді. 

«Жолаушылардың сақтандырылуы қандай көлемде болатыны сақтандыру компанияларының құзырында жатады. Дәл сомасын айту қиын», - деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқарма басшысының орынбасары Әлихан Қуатбеков.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылында үш автобус пен жеңіл автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.  

Зардап шеккендердің арасында 1983 жылы туған Филиппин азаматшасы бар. Оның жағдайы орташа ауыр.

Назерке Абибулла

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы