30 Қыркүйек 2025 2025, 16:00 Фото: - архив

Жол апаты: Алматы облысында сегіз адам қаза тапты

Алматы облысында болған жол апаты сегіз адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысында болған жол апаты сегіз адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға Алматы – Бішкек тас жолының 107-шақырымында болды.

Алдын ала деректер бойынша, Lexus көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard-пен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады полиция.

Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын, оның барысында апаттың барлық мән-жайы анықталатынын айтты.

Құқық қорғаушылар жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға және жолда аса мұқият болуға шақырды.