Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды.

Сенаттың қарауына Анатолий Смолин мен Серік Әбнәсіровті Жоғарғы сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр. Президент Жарлығымен Смолин Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар судья Әбнәсіров зейнеткерлік жасқа толуына байланысты отставкаға шығу туралы өтініш берді, - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов. 

Жоғары палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдіріп, судьяларды қызметінен босату туралы шешім қабылдады. 

Айта кетейік, Анатолий Смолин Жоғарғы сот судьясы болып 2018 жылдың сәуірінде сайланған. Серік Әбнәсіров 2016 жылдан зейнетке шыққанша осы қызметте отырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы