3 Қараша 2026, 11:09
Фото: ҚР Жоғары Сот кеңесі
Жоғары Сот Кеңесінің аппарат басшысы қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айта кетейік, Дәурен Мұратбеков 2024 жылғы 9 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы қызметін атқарды.