Тоқаев Жоғары сот Кеңесінің төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысына Жоғары сот Кеңесінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы және судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді", - делінген ресми ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету және судьяларды іріктеу тетігін қатаңдатуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін айтты. 








Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы