Жоғары Сот Кеңесі судьяларды қалай іріктейді? Үміткерлерге қандай талап қойылады?
Судья болу үшін қандай талаптар қойылады? Кандидаттар іріктеудің қандай кезеңдерінен өтеді? Ал судьялардың кәсіби біліктілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуде Жоғары Сот Кеңесінің рөлі қандай?
Қазақстанның сот жүйесінде Жоғары Сот Кеңесі маңызды институттардың бірі саналады. Оның негізгі міндеті – соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерді іске асыруға қатысу және судьялардың тәуелсіздігіне кепілдік беру.
Судьялыққа үміткер кемінде 30 жаста, жоғары заң білімі бар және заңгерлік мамандығы бойынша кемінде бес жыл еңбек өтіліне ие болуы керек. Сонымен қатар біліктілік емтиханын тапсырып, тағылымдамадан өтіп, конкурсқа қатысуы қажет.
Судьяларды іріктеу қалай жүргізіледі? Жоғары Сот Кеңесі мен оның аппараты қандай міндет атқарады? Сот шешімінің артында қандай жұмыс тұр?
Осы және өзге де сұрақтарға Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының міндетін атқарушы Лаура Құрмантаева мен Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова жауап береді.
Толығырақ BAQ.KZ бейнематериалынан көріңіз.
Оператор:
Асылхан Жуланов
Есенбек Мнейхан
Режиссер:
Қанағат Тасболат
Монтажер:
Жандос Жеңісов