Жоғары оқу орындарына ESG стандарты енгізілуде – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Аккредиттеу агенттіктерінің жұмысы да жоғары білім сапасын көтеру үшін ерекше маңызды. Осыған орай біз аккредиттеу агенттіктерінің жауапкершілігін көтеру үшін өзгерістер енгіздік. Бұдан былай жоғары сапасын қамтамасыз етпейтін агенттіктерді тізімнен шығару, яғни жабу және олар үшін біріңғай сапалы талаптарды қою сияқты тетіктерді қабылдап, енгіздік. Нәтижесінде 6 университеттің институционалдық аккредиттеуі қайтарылып, 20 білім бағдарламасы аккредиттеуден өтпеді. Бұл да сапаны көтеруге елеулі әсер ететіні сөзсіз, - деді министр.

Білім және ғылым министрі жоғары оқу орындарында ішкі сапаны қамтамасыз ету тәсілдеріне тоқталып кетті.

Еліміздің еуропалық сапаны қамтамасыз ету жөніндегі ESG стандарты енгізілуде. Былтыр еліміздің жоғары білімінің ұлттық біліктілік шеңбері Еуропа біліктілік шеңберімен өзін-өзі сертификаттау рәсімінен өтті. Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның жоғары оқу орындары дипломдарының Еуропада танылуын қамтамасыз ету мүмкін болды, - деді Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы