Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы тікелей эфирде көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Жиын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де «Хабар24» телеарнасы мен ҚР Президенті Баспасөз қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан тікелей эфирде көрсетіледі - деді Берік Уәли.

Отырыста Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйлейді. Сондай-ақ Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес жанындағы бақылаушы-мемлекет басшылары ретінде қатысады - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы