Жоғарғы судья Нұрғазы Әбдіқанов қызметінен босады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы сот судьясы Нұрғазы Әбдіқанов лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенаттың қарауына Нұрғазы Әбдіқановты отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Судья зейнеткерлік жасқа толды және 27 жылдан астам судьялық еңбек тәжірибесі бар, - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы.

Еске салайық, Нұрғазы Әбдіқанов 2020 жылы Жоғарғы сот судьясы лауазымына сайланған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы