Жоғарғы соттың судьясы сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы сайланды.
Мемлекет басшысы сіздердің қарауларыңызға Жоғарғы соттың судья қызметіне Қарағанды облыстық сотының судьясы Мәукен Еркешті сайлау туралы ұсынымды енгізді. Судья қызметінің өтілі 20 жылдан астам уақытты құрайды. Судьяның кәсіби біліктілігі жоғары және көп істерді қараған. Судьялар қауымдастығының арасында беделі жоғары,- деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шип.
Ұсынылған үміткер Сенат комитеттерінде талқыланған.
Конституциялық заң кбойынша комитет Президет ұсынған кандидатураны қарады. Ұсынымды қарастыра келе Мәукен Еркешті Жоғарғы сот судьясы етіп сайлауды қолдайды, - деді Владимир Волков.
Депуаттар дауыс беру арқылы Мәукен Еркешті судья етіп сайлады. Жоғарғы соттың судьясы ретінде алғаш сайланған адам ант береді.
Өз міндеттерімді адал және абройлы атқаруға, сот төрелігін ҚР Конституциясы мен басқа заңдарына бағына отырып жүзеге асыруға, сот ісінде бейтарап әрі әділ болға салтанатты түрде ант етемін, - деді Еркеш Мәукен.