23 Тамыз 2026, 09:04 Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Жоғарғы Сот төрағасы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол №169 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауында дауыс беру басталды. Сайлау күні ел аумағында және шетелдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында барлығы 10 423 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 61 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктері жанында 79 сайлау учаскесі орналасқан.

Сайлауға 18 жасқа толған Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Арнайы сайлау учаскелерінде тізімге енгізілген азаматтардың барлығы дауыс беріп болған жағдайда, учаскелік комиссия дауыс беруді белгіленген уақыттан бұрын аяқтауға құқылы.

Жалпы сайлаушылар тізіміне дауыс беру құқығы бар 12 605 788 азамат енгізілген.

Орталық сайлау комиссиясы жеті саяси партияның тізіміндегі 545 кандидатты тіркеді. Олар 145 мандатқа таласады.

Партиялар бойынша кандидаттар саны мынадай:

«Әділет» – 186;
Respublica – 75;
Қазақстан Халық партиясы – 72;
«Ауыл» – 69;
«Ақ жол» – 63;
«Байтақ» – 47;
ЖСДП – 33.