Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды толық ақтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы сот Бас прокурордың наразылығы бойынша сотталған Сейітқазы мен Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов жазды. 

24 маусымда Жоғарғы Сотқа келіп түскен наразылықта Бас Прокурор іс үшін маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық жүргізілмеуіне байланысты іс бойынша жүргізілген сот актілерінің күшін жоюды және жаңа апелляциялық тыңдау үшін қылмыстық істі жіберуді сұраған.Құрамында 7 судьядан тұратын Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 19 шілдеде наразылық білдіріп, сот актілерінің күші жойды, - деді ол. 

Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 39-бабына сәйкес ақталғандар қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеуге құқылы деп танылады.Наразылық жартылай қанағаттандырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы