Жоғарғы сот рұқсатсыз салынған құрылыстың дауын шешті

Жоғарғы сот Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының жер учаскесінің меншік иелеріне қатысты нысанды пайдалануға қабылдау актісін жарамсыз деп тану және оны тіркеудің күшін жою туралы талап қоюы бойынша істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Даудың мәнісі жауапкерлерге тиесілі жер телімінде бекітілген жобаға сәйкес келмейтін бақша үйі салынған.

Бұған дейін сот шешімімен бұл учаскеде заңсыз салынған ғимараттарды бұзуға қаулы шығарылған болатын.

Осыған қарамастан жауапкерлер сот актісін орындаудан жалтару мақсатында бірқатар сатып алу-сату мәмілелерін жасап, құрылысты жалғастырған. Жергілікті соттар уәкілетті органның нысанды салу кезінде (бұзумен) меншік иесінің заңдылықты сақтауына тексеру жүргізбегенін және бұрын салынған ғимараттың бұзылмағаны дәлелденбегенін алға тартып, КММ-нің талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан, - делінген хабарламада.

Іс кассациялық тәртіпте қаралып, КММ-нің талап қоюын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

Жоғарғы Сот салынған нысанның дербес құрылысқа рұқсат етілген өлшемдерден айтарлықтай асып кеткенін және келісілген жобаға сәйкес келмейтінін анықтады.
3 қабаттан тұратын тұрғын үй ғимараты белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамадан ауытқумен; аяқталған құрылыс объектілерін қабылдаудың және пайдалануға берудің заңмен белгіленген тәртібін бұзумен салынған.

Заңсыз салынған ғимаратты бұзу туралы сот актісін орындаудан жалтару мақсатында жасалған бақша үйін сату-сатып алу шарттары жарамсыз деп танылды.

Бірінші меншік иесі рұқсат етілмеген ғимараты бар жер телімін иеліктен айыру туралы шарт жасасқанда, одан кейінгісі қысқа мерзімде бақша үйін сату бойынша мәмілелерді бірнеше рет ресімдей отырып, ғимараттың бұзылуға жататындығы туралы сот шешімін сенімді түрде білген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы