Жоғалып кеткен тиктокер табылды
Жетісуда тау арасында жоғалып кеткен тиктокер аман-есен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
6 маусымда сағат 15:00 шамасында 1986 жылы туған ер адам Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрқан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен шығып қайта оралмаған.
Ол Алматылық саяхатшы, tik-tok әлеуметтік желісінде өз блогын жүргізеді.
Құтқарушылар оны сағат 12:00-де Бұрқан бұлақ сарқырамасынан 12 км қашықтықта тауып алды.
Іздеу жұмыстарын жүргізуге ТЖМ 12 қызметкері мен 4 техникасы және кинологиялық есептобы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта олар қалаға қарай бет алуда.
Еске салсақ, Жетісу облысының тауларында хабар-ошарсыз кеткен тик-токер іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанадағы қаржы пирамидалары қай елден бастау алған?
Өзгелердің жаңалығы