Жоғалып кеткен Сауран ауданының тұрғындары табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 07 ақпанында күні сағат12.50-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне бір күн бұрын жеңіл автокөлікпен Егізқара ауылынан Ынталы ауылынан жолға шыққан 5 адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (09 қызметкер мен 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органан (1 қызметкер) жұмылдырылды. 

07 ақпанда сағат 14.37-да құтқарушылар ер адамдарды жоғалып кеткен орыннан он бес шақырым жерде Егізқара ауылынан тапты. Олар ауа райының қолайсыздығынан қар құрсауында қалып қойған. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Түркістан облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға кеңес береді. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы