Жоғалып кеткен ер адам табылып, тікұшақпен Жезқазғанға жеткізілді

Ұлытау облысында 1977 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды. Ер адам мотоциклмен жылқы жаюға кетіп, үйіне оралмаған соң, туыстары дабыл қаққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Хабар түскеннен кейін бірден құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Іздеу барысында жоғары өтімді техника мен ұшақсыз ұшу аппараттары қолданылды.

Қызылжар ауылынан 105 шақырым солтүстік бағытта жергілікті тұрғындар ер адамды тапты. Оған көмек көрсету және тасымалдау үшін ТЖМ тікұшағы, құрамында «Апат медицинасы орталығының» дәрігерлері мен құтқарушылары бар, оқиға орнына аттанды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Зардап шеккен адам шалғайдағы дала аймағынан тасымалданып, Жезқазған қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы