Жоғалған тікұшақ: Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды
2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды.
Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Отар маңында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде
Келесі жаңалық
Ақтаудың көшелеріне 19 мың шаршы метр асфальт төселді
Өзгелердің жаңалығы