Жоғалған Өзбекстан азаматы Ақмола облысынан табылды

Жоғалған Өзбекстан азаматы Ақмола облысынан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция Өзбекстан Республикасының хабар-ошарсыз кеткен азаматы Рахманқұлов Құлмаханбет Абдухалилұлын іздестіруді сәтті аяқтады. Ер адамды бір ай бойы полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді.

Қ.А. Рахманқұловтың хабар-ошарсыз жоғалып кетуі туралы арыз 22 қаңтарда Біржан сал ауданының полиция бөліміне келіп түсті. Туыстарының айтуынша, 52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеген. Іздеу шаралары ауа райының қолайсыздығына қарамастан тоқтаған жоқ, - делінген Ішкі істер ведомствосының хабарламасында.

Іздеу салынған азамат 24 ақпанда Степногорск қаласына жақын орналасқан Қарабұлақ ауылында табылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы