Жоғалған 15 жасар оқушы қыздың мәйіті өзеннен табылды
Жетісу облысындағы Панфилов ауданында соңғы екі күнде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім қыздың мәйіті Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан, криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілерінсіз табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, бұл өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереді.
Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп оқытушылары мен еріктілер (200-ден астам адам) қосылды. Іздеуде жүрген жасөспірім қыз туралы ақпарат жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне жіберілді, БАҚ пен әлеуметтік желілерде орналастырылды. Облыстық полиция марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады, - делінген ақпаратта.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, биыл шомылу маусымы басталғалы 50-ге жуық адам суға кетіп, қаза тапқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы