Студенттер осы айда жоғарылатылған стипендия алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы 25%-ға көтерілетінін мәлімдеді. ҚР БҒМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар қабылдады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бүгінде еліміздің 30-дан астам жоғары оқу орны студенттердің стипендиясын 25%-ға жоғарылатты. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан колледж студенттеріне стипендия төлене бастады. Осылайша 179 мың ЖОО студенті мен 136 мың колледж студенті стипендиясының көлемі артады.

Айта кеткен жөн, бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, интернатура – 37 945 теңгеден 47 431 теңгеге дейін, магистратура – 53530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін, докторантура – 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті. Колледж студенттерінің стипендиясы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге артты, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы