Жобалау, құрылыс, жолды және көпірді күтіп ұстау мамандықтарға білім гранттарын көбейту керек – ИИДМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі автомобиль жолдарының сапасын арттыру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жол саласындағы кәсіби мамандар даярлауда да бірқатар өзгерістерді қолға алу қажеттігі туындауда.

Бұл туралы  ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл орайда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірнеше бастаманы көтеруде. Атап айтқанда, жолды жобалау, жол құрылысы мен жолды және көпірді күтіп ұстау профилдік мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етіп, аталған мамандықтарға бөлінетін білім беру гранттарының санын арттыру қажет. 

Қазақстанда автомобиль жолдары мен көпір құрылыстары бойынша мамандар 2015 жылдан бері даярланбайды. Аталған мамандықтар қысқартылып, көлік құрылысы мамандығына кіріктірілген. Бұл мамандық бойынша автокөлік жолдарына арналған профилдік пәндер барлық сабақтың 10 пайызын ғана құрайды.

Сондай-ақ орта арнаулы оқу орындарында мамандарды даярлау ескі оқу бағдарламасымен жүргізіледі және де аталған білім беру мекемелері заманауи техникалық құралдармен тиісті деңгейде жабдықталмаған.

Осы олқылықты мәселені оңтайлы шешу үшін ИИДМ жылына бөлінетін білім беру гранттарының санын 500-ге дейін арттырып, колледждерді уақыт ағымына сай жабдықтау мәселесін ұсынуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы