Жоғары білім беретін оқу орындары арасында бәсекелестік болу керек – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы елімізде ЖОО-ның саны он тоғыз миллион халқы бар ел үшін бұл тым көп екендігін айтады. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
Елімізде ЖОО-ң саны 129-ға жетті. Он тоғыз миллион халқы бар ел үшін бұл тым көп. Олардың көпшілігінің саны болғанымен сапасы жоқ екенін жақсы білеміз. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда небәрі 40-тай ғана ЖОО болып, өте сапалы білім берді, білікті мамандар даярлады, - деп жазды ол.
Кезінде министрлерге сапасыз оқу орындарының санын қысқарту жөнінде неше мәрте депутаттық сауал жолданғанын да айтты.
Кезінде министрлер Аслан Сәрінжиповке, Ерлан Сағадиевке сапасыз білім беретін оқу орындарын қысқарту туралы бірнеше депутаттық сауал да жолдадық, ұсыныс та айттық, бірақ нәтиже болмады. Меніңше олар құлықсыз болды, - деді депутат.
Сонымен қатар ол университет дәрежесіне сәйкес келмейтіндерді институттарға, кейбір институттарды академия дәрежесіне түсіріп те мамандықтардың санын барынша қысқартуға болатынын айтты.
Президентіміздің былтырғы және биылғы жолдауларында диплом сататын оқу орындарын жабу туралы берген тапсырмаларынан кейін сең қозғала бастады. Осы бағытта министр Асхат Аймағамбетовтің жасап жатқан жұмыстарын толық қолдаймын. Осы ЖОО-ның ішінде университеттік статусы бар оқу орындары басым. Университет дәрежесіне сәйкес келмейтіндерді институтттарға, кейбір институттарды академия дәрежесіне түсіріп те мамандықтардың санын барынша қысқартуға болады. Жоғары білім беретін оқу орындары арасында бәсекелестік орта болуын жақтаймын, бірақ олардың ең негізгі қағидаты сапа болуы керек, егер оны қамтамассыз ете алмаса нарықтан кетуі тиіс, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қала күні салтанатты түрде аталып өтілмейді – Сағынтаев
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы