Жоғарғы Сот індеттен қаза тапқандардың рухына тағзым етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні аясында Жоғарғы Сот пен Конституциялық кеңес ұжымы ғимараттың алдына жиналды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Жақып Асанов пен Қайрат Мәми қатысты. Акцияға қатысушылар коронавирус індетінен қаза тапқандардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Жоғарғы Сот пен Конституциялық Кеңес марқұмдардың отбасылары мен жақындарына қайғырып, көңіл білдірді, - делінген хабарламада. 


Елмен бірге сот жүйесінің өкілдері де өмірден мезгілсіз өткен судьялар мен қызметкерлерді аза тұтты.


Олардың есімдері әрдайым жадымызда, жарқын бейнелері жүрегімізде сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы