Жоғалып кеткен көпбалалы ана табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алатау аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 35 жастағы әйел құрбысының үйінен, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылында табылды.

Табылған кезде әйел адам мас күйінде болды және жеті баласы туралы ойламаған сияқты. Неліктен ол бес күн бойы жанұясына қоңырау шалмады деп сұрағанда, ол, жай ғана: "телефоным сынып қалдый деп жауап берді. Бұл себеп емес, жауапсыз адамның қылығы. Бүкіл қауымдастық оған жанашырлық танытып, жақсы нәтиже күтіп отырған уақытта. Нағыз ана ешқашан балаларын тастамайды, - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін Алматыдағы блок-бекетте көпбалалы ана жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы