«Жіті тексеріс жүргізіледі». Министр «АрселорМиттал» компаниясына қатысты пікір білдірді

«АрселорМиттал» қызметін тексеруге қатысты материалдарды  дайындаймыз. Бұл туралы Үкімет отырысынан соң Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тексерісті жүргізетін компанияны таңдаймыз. Бізге бірнеше ұсыныс келіп түсті, оларды мұқият қарастырамыз. Өйткені, тексеріс сапалы жүргізілуі керек. Осы аптада компанияны таңдап, содан соң «АрселорМиттал» қызметін тексеруге қатысты материалдарды әзірлеп жібереміз. Тексеріс құны компанияның баға ұсынысына қарай анықталады, - деді ведомства басшысы.

Айтуынша, айыппұл соммасы әлі нақтыланған жоқ.

Сома тексерісті жүргізетін компания өткізетін іс-шараға байланысты белгіленетін болады, - деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысынан кейін. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы