Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияның 4 жағдайы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияның 4 жағдайы тіркелді.

COVID-19 1981, 1987 және 1991 жылғы ер кісілерде, сондай-ақ 1996 жылғы әйелде анықталды.  Аталған тұлғалар, осының алдында ауырып қалған адамдармен байланысқан. Бәрі Жітіқара АОА-ның инфекциялық бөліміне жатқызылды, тиісті емдеуді алып жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Осы  азаматтармен байланысқан тұлғалар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады , -делінген хабарламада.  

Жалпы 07.05.2020 жылғы мәліметі бойынша облыста COVID-19 инфекциясымен 58 адам тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы