ЖІӨ өсімі: көлік, құрылыс және сауда салалары көш бастады
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында елдің жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға артты, деп хабарлайды BAQ.KZ Экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тауар өндіру көлемі 8,3%-ға, қызмет көрсету – 5,2%-ға өсті. Ең қарқынды өсім көлік пен сауда салаларында тіркелді. Өнеркәсіп өндірісі 6,9%-ға ұлғайды.
Салалар бойынша ең жоғары өсім:
- Көлік және қойма – +22,5% (жүк тасымалының артуы есебінен)
- Құрылыс – +18,5% (мектептер, жолдар және инфрақұрылым нысандары құрылысы)
- Сауда – +8,6%
- Тау-кен өнеркәсібі – +8,5%
- Өңдеу өнеркәсібі – +6,1% (машина жасау, азық-түлік және мұнай өнімдері өндірісі)
- Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 3,7%-ға өсті, оның ішінде мал шаруашылығы +3,4%.
Үкімет экономиканы әртараптандыру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру арқылы өсімді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы