ЖІӨ. Елімізде қай салада өсім болғаны анықталды

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдағы Жалпы ішкі өнімнің көлемі 103,2% болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ)  өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,2% болды.

Ең үлкен өсімді көрсеткен салалар:

- құрылыс – 9,4%;

- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,1%;

- көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 5%;

- көлік және қоймалау – 3,9%:

- өңдеу өнеркәсібі – 3,4%.

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша нақтыланған алдын ала деректер биылғы 21 сәуірде жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kt.kz
Өзгелердің жаңалығы