Жигули Дайрабаев Нұрлан Әуесбаевты дебатқа шақырды

Президенттікке «Ауыл» партиясының атынан кандидат Жигули Дайрабаев ЖСДП кандидаты Нұрлан Әуесбаевқа осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз осы соңғы оншақты күнде Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе сынды 4 облысты араладық. Уақыт тауып, штабқа келіп, бұл жерде аз ғана уақыт аялдаған соң Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарына жол тартып барамыз. Фейсбукке қарайтын уақыт та жоқ. Жолшыбай қарасам, Нұрлан Әуесбаев деген азамат «Ауыл» партиясының атына, маған сын айтыпты. Нұрлан батыр, саған айтарым, алыстан айбат көрсеткенше, бетпе-бет кездесейік. Қандай ойың бар екенін тыңдайын, - деп атап өтті Жигули Дайрабаев. 

Айтуынша, өзін (Ж.Д. – ред.) елге жаны ашитын азамат деп есептейді. 

Қазақта «Іс қуған қазынаға, сөз қуған бәлеге жолығады» деген сөз бар. Бәле іздегенше, елдің қамын ойлау керек. Мемлекеттің тұрғындарының бәрін бірлікке шақыру қажет. Қазақстандықтардың ынтымағын ойлағанымыз жөн. Далбаса әңгімені қояйық. Кел маған, мен ашықпын. Дебатқа барайық па?! Мен ауыл шаруашылығындағы жағдайдың бәрін білемін. Сондықтан қандай кемшілік бар, соларды түзетуге атсалысамын, - деді «Ауыл» партиясының өкілі.  

Еске сала кетейік, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы