Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді

ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ El.kz сілтеме жасап.

Кандидат дауыс беруге таңғы 7:00-де Түркістан көшесінде орналасқан 396 сайлау учаскесіне келді. Оның қасында жұбайы және балалары және туыстары болды.

Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан түсті.

Жигули Дайрабаев бастаған топ өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының сайлаушылармен кездескен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baigenews.kz
Өзгелердің жаңалығы