Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет - президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Ақорданың Тwitter-дегі ресми парақшасында жазылды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында президент толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету маңызды міндеттердің бірі екенін айтты.
Келесі маңызды міндет – толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету. Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде бірқатар өрескел қателік жіберді. Әкімдердің көпшілігі жұмысын тиісті деңгейде атқарған жоқ. Үкімет те бақыламады, - деді ол.
Мемлекет басшысы жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет екенін айтты.
Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет. Бұл комиссия қазіргі ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, маған ұсыныс беруі керек, - деді президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің батысында қатты ыстық болады
Өзгелердің жаңалығы