Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан әлем кубогында алтын иеленді

Қазақстандық Жібек Құлымбетова Хорватияның Задар қаласында джиу-джитсудан әлем кубогында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Джиу-джитсу мен грэпплингтен сегіз дүркін әлем чемпионы, Самат Рамазанов атындағы академия спортшысы, күрең белбеу иегері Ж.Құлымбетова 21 жасқа дейінгілер арасында 48 кг салмақта үздік шықты.

Жібек екі жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

Қуанышты жаңалығын Instagram әлеуметтік желісінде бөліскен спортшы Алматы облысы жекпе-жек мектебі, Самат Рамазанов атындағы академиясы мен бапкері Самат Айтпанбетке алғысын білдірді.

Жарыс джиу-джитсудың ne-waza түрі бойынша өтіп, онда әлемнің 20-дан астам спортшылары бақ сынады.

Жібектен басқа, оған аталмыш академияның бірнеше тәрбиеленушісі қатысып, жалпы саны 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы