17 Шілде 2026, 23:55
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінің финалына жолдама алды
Жартылай финалда Жібек Құламбаева мен Алина Чараева турнирдің бірінші нөмірлі жұбы — бельгиялық Магали Кемпен мен ресейлік Александра Пановаға қарсы ойнады.
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің жұптық сынында финалға шықты. Ол армениялық Алина Чараевамен бірге жартылай финалда турнирдің бірінші нөмірлі жұбы – бельгиялық Магали Кемпен мен ресейлік Александра Панованы жеңді.
Тартысты өткен кездесу екі сетке созылып, Құламбаева мен Чараеваның 6:4, 7:6 (7:3) есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 51 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық-армениялық жұп эйс жасамағанымен, алты қос қателікке жол беріп, алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Жібек Құламбаева мен Алина Чараева WTA 250 турнирінің финалына жолдама алды. Финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.